Адамзаттың бар ұрпағын таратқан
Әр ісімді өткізетін сараптан.
Қарызымды қайтарайын там-тұмдап
Ауыртпашы, бақ бере гөр, Жаратқан!
Tilek.kz
Көтеріпсің шыдаммен еркелікті,
Ерте жастан бала деп тер төгіпті.
Арқаң сенің қайысты-ау қиындықтан
Жастық күнің;Анашым,ерте өліпті.
Бүгін жалғыз жеттің-ау арманыңа,
Бақыттысың немереңнің болғанына.
Тек ауырма қалғанын бізге қалдыр
Бір көреміз тағдырдың салғанын да.
Қалмасын тек тістің ізі бармағыңда
Бізге атады бақыттың таңдары да.
Мейрам күні көңілді әсем ән керек,
Балаң бүгін күніңді әсем әрлемек.
Бар бақытты тілеймін деп өзіңе
Ендігі өмір қуанышпен сәндемек.
Қуат берер бір жаным бар әлемде
Жалғыз лайық барлық саулық-сәлемге.
Анашым-ау сағындым ғой өзіңді
Болсам да алыс сөзің шипа жан емге.
Көп ренжітіп аламын-ау сені, Ана,
Жүрем сосын опынумен мұңдана.
Кешір, Ана, кіналама балаңды
Әзірге осы сыйлар сыйым жыр ғана.
Өмірдегі ең асыл жан сен ғана
Туған күнің келе жатыр енді, ана,
Денсаулығын мықты болсын, күліп жүр
Құшағыңда еркелейін кең дала!
Әрқашан да күліп жүрші,Анашым,
Жан жетпейтін асқақ тұрған дара шың.
50 жасты еңсеріп те тастапсың
100 жасаңыз, маған өзің панасың!
Ана-мейрам, Ана-таза, таңғы шық,
Ана десе атады әркез таң күліп.
Аналардан бастау алар жақсы істер
Тарихтардан айтар жартас жаңғырып.
Ана-шаттық,жүрер жерін сән қылып
Мінезіне қайран қалам, таң қылып.
Еркелігін баласының көтерген
Төзімділік Анажанға тән қылық.
Жамандықтан жиіркене қаштың да
Адалдыққа ашық қадам бастың да.
Балапаным, аман бол деп қорғайсың
Жұмақ кілті табаныңның астында.
Қарызымды қалай ғана өтермін
Ақымақтау мінезімді көтердің.
Қуанасың сәл биіктен көрінсем
Ана сенің тырнағыңа жетер кім.
Ана дейді жүрегім жарылардай
Еркелетсең мұңымнан арылардай.
Мейрамың құтты болсын мерейлеткен
Алыстан сәлем саған сағынардай.
Сізге деген тілегім таусылар ма
Әр тілек бар жаңбырлы тамшыларда.
Сансыз тілек тілеймін жақсылықтың
Әумин десін періште таң шығарда.