загрузка...

Денсаулықты тілеймін қартаймайтын,
Шат көңілді тілейін ортаймайтын.
Бақытты да тілейін ең бастысы,
Абыройды тілейін шалқаймайтын.

Айырып жақсылықты жамандықтан,
Қайырған жауыздықты адалдықтан.
Ақылдың кеніші, Ата, еш ауырма,
Жанды ұққан, бір қараумен жанарды ұққан.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын! Барлық арман мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін жəнеде биіктен көріне бер. Туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

Бақытты өмір тілеймін, шаттықты өмір,
Көтеріңкі күй болсын, жайдар көңіл.
Құтты болсын бүгінгі бұл туған күн,
Сенім беріп жүрекке жалғап өмір…

Бар жақсылық басыңыздан арылмасын,
Бар аңсаған арманыңыз орындалсын.
Көңліңізді шуақты етіп, нұрлы етер,
Бұл туған күн құтты болып, жалындасын.

Сезілмесін өмірдің ызғары да,
Тайдырмасын аяқ асты мұздары да.
Құтты болсын жеке меншік мерекеңіз,
Қуанышын сыйлап сізге нұрландыра…

Көңліңізде шаттық әуен орнасын тек,
Қуаныштар бір-бірін жалғасын тек.
Құтты болсын туған күн бүгінгі бұл,
Бар жақсылық әр күнді жалғасын тек…

Жадыраңыз, жайнаңыз, күлімдеңіз,
Бұл өмірдің сынынан түңілмеңіз.
Әр күніңіз шуақты, нұрлы болып,
Айдынында жүзіңіз, өмір теңіз…

Туған күніңізбен, болыңыз әркез аман,
Күн тілеймін жайнаған, жадыраған.
Жастан жасқа жетіңіз амандықта,
Оңды болып әрқашан әрбір қадам…

Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!