Көктемнің шуақты күнінде
Әдемі мереке түрінде.
Өтуде нұр шашып бір мейрам
Анашым,әрқашан күлімде.
Tilek.kz
Анам деймін еркелеймін өзіңе,
Ұйып келем әрбір ақыл, сөзіңе.
Тәрбиенің тал бесігін тербеткен
Қарай берем мейірім толы көзіңе.
Туған күнің сенің бүгін қуанған,
Жасыңа жас қосылсын тек жүр аман.
Асқар тауым әкемменен қос биік
Болып жүрші, саған ғана жұбанам.
Түп шыңырау тереңдегі мөлдір бұлақ,
Жаныңа жатсам мамық,жасыл құрақ.
Туған күнің құтты болсын, Анажаным,
Алақаның сипаған бейне жұмақ.
Өзіңнен үйренгенмін өмірдің әр сырын,
Жақсы мен жаманның айырып бар жігін.
Үйретіп жақсыны талмастан шаршамай
Қолыма ұстатқан мәңгіге ар жібін.
Алдыңда бас ием, ардақты Анашым,
50-ді еңсеріп еңкеймей барасың.
Тек бақыт тауына шығуың бұйырсын,
Біздерге ес болып жүре бер, дара шың.
Түзу жолда жүріп келем ақылыммен
Шындықты тура айтасың батыл үнмен.
Жасыңыз құтты болсын,жан Анашым,
Әр таңыңыз ата берсеін шатты үнмен!
Наурыздың ең әсем күнінде,
Бұйырған мейрамың бүгін бе.
Құт болсын мереке-мейрамың
Анажан әрқашан күлімде.
Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймын мен сізді
Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!
Бесігінде түн баласы тербеткен,
Анажанның туған күні бұл көктем.
Денің сау боп,аман болсын шаңырақ,
Менің Анам, әдемі едің сен неткен!
Жер бетіне өмір дәнін себетін,
Ананы АЛЛА әркез жақсы көретін.
Сол Ананың мерекесі дәл бүгін
Шайқамайық Ана-өмір кемесін.
…-жасқа толған менің,Анашым,
Әлі күнге еркелеймін саған шын.
Қартаймашы,мәңгі жас боп жүре бер,
Бағып алда шөберенің баласын!
Алақаның ыстық күн ғой мен үшін,
Қиындықты жеңе білдің небір шың.
Сол белестер артта қалып бүгінде
Шат күлкімен қаумалайды ұл-қызың.
Қандай баөыт ортамызда жүргенің
Бейнетіңнен зейнет көріп күлгенің.
Әр жас сайын жасара бер, жан Ана,
Бізге бақыт ұзақ ғұмыр сүргенің!
Қуанамын сені ойласам алыстан,
Келгендей бір ыстық сәлем ғарыштан.
Бейнең сенің көлеңкемдей ілесіп,
Ақ пейілің адымыммен жарысқан.
Мақтан тұтам әрқашан да шаттанып,
Ұстай алсам берер едім бақты алып.
Сендей ешкім алып,сірә,бола алмас,
Шыдайсың-ай қолыңды алса шоқ қарып.