Іні десе ішкен асым жерге түсер,
Жақсы ісіңнен кеудеме наным пісер.
Жаратқан жолы болған жан етсінші,
Өмірдің бақытының бәрін ішер.
Tilek.kz
Шаршағанда дем беретін, тынысым,
Бауырымысың, бірге туған інімсің.
Тілеймін саулық пенен бақыт саған,
Мен ай болсам серігім сен күнімсің.
Мейрамың құтты болсын бүгінгі,
Күлкіменен баста әрбір күніңді.
Сен аман бол, бауырым, балапаным,
Бақытыңа менің түнім түрілді.
Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.
Үлгілі ұстазымды мақтан тұтам,
Өзінен білім нәрін алып жұтам.
Шәкіртке бар жылуын сыйлар ұстаз,
Бойына біткен тәлім, биік ұстам.
Дарытып білім бойыма,
Үйреткен әріп ұстазым.
Қуанған әрбір тойыма,
Көңілімде мәңгі қыстадың.
Арманым асып белестен,
Үйрендім сізден білімді.
Аман жүр әркез, ұстазым,
Сыйлаймын әсем гүлімді.
Есейіп қазір қалсамда,
Шәкіртпін әлі сіз үшін.
Қартайма, асыл ұстазым,
Биіксіз мәңгі біз үшін.
Сарп еткен бізге бар күшін,
Арнаған күзін, жаз, қысын.
Еңбегің берген өлшеусіз,
Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.
Басымнан сипап мейіріммен,
Білімнің сырын үйреткен.
Тамаша көңіл – күйімен,
Жаманның жолын күйреткен.
Ұстазым, аспаныңыз ашық болсын,
Мерекеңіз үстем болып асып – толсын!
Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап,
Жамандық 6 қырдан қашық болсын!