Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.