Черновик

Көкірегі сырға толы күй-дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген.
Өзі өскен ұясынан симастан,
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
 
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!

тілек-ико

Тілегіңізді қосыңыз

Саламатсыз ба. Шабытыңыз бар болса тілегіңізді немесе батаны біздің Тілектер жинағымызға қосуға өтінеміз. 1-2 күннің ішінде біз сіздің тілекті осы сайтқа жариялаймыз сізді автор қылып. Рақмет!