Болған шығар Хан сарайы осындай,
Әсем екен сырбаз қонар қосындай.
Шаңырағың биік болсын шаттықты
Бақыт кірсін табылдырық тосылмай.

Баланың бақытты күлкісі толсын,
Бақытың Отаудың ұйытқысы болсын!
Бар сәтің осы үйде шаттықты болып,
Әр күнің қуаныш үй кісі толсын!

Жаңа үйден жаңа бақыт өрілсін,
Терезеден байлық нұры төгілсін.
Сәттіліктің әсем құсы ұя сап,
Бірлік толы тірлік қабы сөгілсін.

Отауыңа несібелер ағылсын,
Бақыт шамы сөнбестей боп жағылсын.
Мамыражай өмір өтсін жаңа үйде
Әр күніңе шаттық гүлі тағылсын.

Армандар орындалған үй болсын,
Қуаныштан күмбірлеген күй толсын.
Қара қазан қайнаған әр күндерде
Дос-жарандар қаумалаған сый толсын.

Үбірлі бол, шүбірлі бол қанат жай,
Шөбереңе жымиып тұр қарап жай.
АЛЛА сені осы өмірге жеткізсін,
Жаңа үйің болсын бақыт бұлақтай.

Жаңа үйдің шаңырағы биік болсын,
Іші толған бала деген уық болсын!
Бақыттан бастау алып әрбір таңдар,
Байлығың бар несібе жиып қонсын!

Жаңа үй құтты болсын, шашсын шуақ,
Жас балалар жайқалсын бейне құрақ.
Арманың орындалсын Отауыңда
Денсаулық, бақыт, байлық бұрыш құрап.

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!

Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Жаңа үйдің қоныс тойы құтты болсын! Жаратқанның берген бұл сыйы ұзағынан сүйіндіріп, шуақ әкелген үй болсын! Қазақта болатын барлық  тойлар: келін алу, қыз ұзату, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет той, Ораза, Құрбан айт, құда түсу, туған күн, барлық мереке-мейрам, мектепке бару, мектеп бітіру, диплом алу, осылардың барлығы осы шаңырақта өтсін! Жаратқанның берген барлық сыйы сендерді айналып өтпесін!