Аққуым ұшып барады,
Қимастан өскен жағаны.
Өмірдің заңы, құлыным,
Тағдырдың қойған талабы.

Барған жерге бақ боп бар,
Сойылсын күнде ақ қошқар.
Тастай батып, судай сің,
Жақының болсын жақ достар.

Арманнан тіккен желегің,
Орамалға айналды.
Тал шынар болсын терегің
Отбасың бейне орманды.

Ата-енеңді қадірле,
Алдыңнан ақ күн ашылсын.
Жолдасың, ерке ұл-қызың
Мойынға келіп асылсын.

Қанатың ұшқан талмасын,
Күндер де қайғы салмасын.
Ақ бұлттай аппақ көңілің,
Адалдық әннен танбасын.

Шаңырағың биік боп,
Керегелер жалғасын.
Несібелер үйіп көп,
Абыройың самғасын.

Жүремнің жұлып бөліп парасын,
Қызым, гүлім, қанат қағып барасың.
Барған бағың мәңгілік көркем болсын,
Жолдасыңмен таба білгін жарасым.

Қолқанат ең әкеңе де, анаңа,
Сіңіліңе, ініңе де, ағаңа.
Баянды бол барған жерге бақ тал ек,
Ағайынды, барған жерді бағала.

Жартыңды таптың, алтыным,
Ақ аспан болсын әр күнің.
Сыпайы келін, сұлу жар
Сыйлата білгін барлығын.

тілек құттықтау тилек куттыктау бата

Тілегіңізді қосыңыз

Шабытыңыз бар болса тілегіңізді немесе батаны біздің Тілектер жинағымызға қосуға өтінеміз. 1-2 күннің ішінде біз сіздің тілегіңізді осы сайтқа жариялаймыз сізді автор қылып. Рақмет!