Сүндет тойға тілек. Сүндет тойға құттықтау

Сақтағанмын барымды шашу шашам тойға деп,
Мейірім мен саулықты берсін АЛЛА бойға көп.
Мақтанайын, ағайын, екі жаспен тойға кел.
Дақ түспесін араңа, кірмесін арам ойға жел.

Махаббаттың үлгісі боп жүріңдер,
Қуаныштан шаттанумен күліңдер.
Қол ұстасып болашаққа сенумен,
Жазылмай жұп бақытты өмір сүріңдер.

Аққу құстың қанатынан жаралған
Махаббаттың мақсатынан нәр алған,
Бас қосыпсың екі ғашық бүгін күн,
Жан болыңдар бақытты отау саналған.

Асау толқын лақтырса жағаға,
Жасымаңдар, жасқана да қарама.
Қол ұстастың сол үшін де екі жас,
Сенім керек, ену керек санаға.

Жұбайлардың жырын айтып қарсы алдық,
Жас келіннің сымбатына тамсандық.
Шаңырағың сәби үнге толсын деп,
Бақытты бол екі жас деп жар салдық.

Той болуда асыл ойлар самғағасын,
Армандарың орындалсын алдамасын.
Пейілдерің кең болсын, жомарт болсын,
Еске салар қазақтың сары даласын.

Жарастырдың жұбыңды жанып жүрек,
Жүріңдерші біріңе-бірің терек.
Ата-Ананы қуантың істеріңмен,
Ағайын-дос тілесін жақсы тілек.

Бақыт құсы кетпесінші қусаң да,
Несібе мол болсын ыдыс жусаң да.
Жарасымды, жылу енген үй болың,
Барлық балаң ұл боп келсін тусаң да.

Думандатқан той боп жатыр біздерде,
Жалғанар ма үміт жібі үзгенге.
Жұптарың еш жазылмастан жүріңдер,
Тілектер көп шын ниетті тізгенге.

Үйлену оңай, үй болу қиын,
Туысқа, досқа кетпесін сыйың.
Үйіңде әркез болсын думан,
Қуаныш тойлап жасаған жиын.

Түндерің армандарға болар тыңшы,
Ағайын әр ісіңе олар сыншы.
Үйіңнен ыдыс-аяқ сылдыры емес,
Былдыры балақанның естілсінші.

Аққуым ұшып барады,
Қимастан өскен жағаны.
Өмірдің заңы, құлыным,
Тағдырдың қойған талабы.

Барған жерге бақ боп бар,
Сойылсын күнде ақ қошқар.
Тастай батып, судай сің,
Жақының болсын жақ достар.

Арманнан тіккен желегің,
Орамалға айналды.
Тал шынар болсын терегің
Отбасың бейне орманды.

Ата-енеңді қадірле,
Алдыңнан ақ күн ашылсын.
Жолдасың, ерке ұл-қызың
Мойынға келіп асылсын.

Қанатың ұшқан талмасын,
Күндер де қайғы салмасын.
Ақ бұлттай аппақ көңілің,
Адалдық әннен танбасын.

Шаңырағың биік боп,
Керегелер жалғасын.
Несібелер үйіп көп,
Абыройың самғасын.

Жүремнің жұлып бөліп парасын,
Қызым, гүлім, қанат қағып барасың.
Барған бағың мәңгілік көркем болсын,
Жолдасыңмен таба білгін жарасым.

Қолқанат ең әкеңе де, анаңа,
Сіңіліңе, ініңе де, ағаңа.
Баянды бол барған жерге бақ тал ек,
Ағайынды, барған жерді бағала.

Жартыңды таптың, алтыным,
Ақ аспан болсын әр күнің.
Сыпайы келін, сұлу жар
Сыйлата білгін барлығын.

Ойларыңды құптадым,
Мәртебе болсын ұтқаның.
Құтты болсын тойларың,
Жазылмасын жұптарың.

Бастарыңа бақ қонсын,
Алдарыңа ас толсын.
Сезімдерің солмайтын,
Қартаймайтын жас болсын!

Бір жерден шығып ойларың,
Үйлену тойын тойладың.
Бақыттың бағы ашылсын,
Үзілмей мәңгі тойларың.

Қайғыларың жоқ болсын,
Қарындарың тоқ болсын!
Үлгілі Ата-Ана боп,
Ұл-қыздарың көп болсын!

Осы үй бақытты дейтіндей,
Бақ пенен байлыққа толыңдар!
Сезімнің сөнбейтін кейпіндей,
Махаббат символы болыңдар!

Ата—Ананың қуанышы, шаттығы,
Жастық шақтың куәсі дәл, пәктігі.
Екі жасқа бақытты өмір тілейік,
Аяласын мәңгі өмір ақ гүлі.

Ағайын тойға келіңдер,
Баталы тілек беріңдер.
Тойдың басы екі жас
100 жасты жасап көріңдер.

Қыстай қатты мықты болсын денсаулық,
Көктемдей боп көңіл тұрсын гүл жауып.
Жаздай ыстық сезімдерің өшпесін.
Күздей жомарт несібеңе 1000 саулық.

Секундтарың сыйласын тек бақыт-нұр,
Сағат сырғыр сезім сырдан татып сыр.
Апталарың ала келсін ақ арман,
Жылдарыңда жасырынып ақық тұр.

Шыршадай сарғаймаңдар жасыл жанып,
Бұлбұлдай махаббаттың әнін салып.
АЛЛАНЫҢ нұры түскен жан болыңдар,
Өмірдің бақытының бәрін алып.

Лайланбасын өмірлерің тұнық көлдей,
Жұлдыздарың жарқырасын күйіп сөнбей.
Тіккен отау болашақ Орда болсын,
Мәртебе көтерілсін биікке өрлей.

Ал, бастадым, ақ қайны, өзiңе аппақ тiлектi,
Мiне, нағыз ер дердей бiлiмдi, әрi бiлектi.
Орнында бар оңалар,әке жолын жалғадың,
Аққудай боп иiлген жартысын тауып жүректiң.

әкемiз көрмес қызықты көрсеткiн ендi Анаға,
Анадан артық жұмақты таба алмассың балаға.
әкеден алған тағылым, анадан алған тәлiммен,
Жарыңа адал, сыйлы бол, ағайынға пана да.

Сыйлы келiн-күйеу боп бақытың алдан ашылсын,
өмiрдiң барлық сыйлығы ақ сандықтан шашылсын.
қазаны қайнар қонақтан жайлы боп туыс-туғанға,
Абырой берiп Жаратқан жұлдызыңды асырсын.

«Адам болар жiгiттiң,
Жары өзiне лайық,
Керуен бастар жiгiттiң,
Нары өзiне лайық.»

Осы отырған, Оралым,
Шапалақты ұрайық.
Аймекен мен Ардаққа,
құрметпенен тұрайық.

Есте қалсын мәңгiлiк,
Ақ тiлектер құрайық.
Бал-бұл жанған жүздерге,
Тамсана көңiл бұрайық.

Мәңгiлiк болсын шаттығы
Бiр АЛЛАДАН сұрайық.
Еш сүрiнбей өмiрде
Тойларда ғана құлайық!

Дос-жараңдар келіңіздер сүндет той,
Болмайды той күнде мұндай думан той.
Ер жігіт боп аттың жалын тартпақшы
Болсын тойым бар жиғанды жуған той.

Болып жатыр біздің үйде сүндет той,
Ер балаға азаматтық міндет қой.
Ел ісіне араласар ертеңгі ер,
Жауқазындай өрлей өсші гүлдеп бой.

Сүндет тойды салыпсың,
Ер жігіт боп қалыпсың.
Әкесіне мақтаулы,
Азамтсың, алыпсың.

Құрал-сайман сайлаймыз,
Шөтектің басын майлаймыз.
Мұсылман қып ұлымды,
Сүндет тойын тойлаймыз.

Ер жігіт бол ел сыйлар,
Еліңе керек жер жинар.
Адалдықты ту еткен,
Арамдыққа жан қинар.

Біссіміллә, деп кестім,
Ер жігіт болып өстің.
Азамат боп арқалы,
Басын баста көштің

Мұсылман боп қалыпсың,
Керексіз затты алыпсың.
Қуатты болсын, сүндет той,
Қойынға ақша салыпсың.

Өтедің парызыңды мұсылмандық,
Емес бұл ұялғандық, қысылғандық.
О, Алла рахымыңа мың бір алғыс,
Жаратқан, бізді жерде мұсылманғып.

Енді, ұлым, аттың жалын тартып мінсін,
Арқалап елдің жүгін артып жүрсін.
Ерке ұл болмай елдің үлкен ұлы болсын,
Жақсы іске бастау болып шалқып күлсін.

Жаратқан, ұлды бердің, дара бердің,
Ендігі есі түзу сана бергің.
Сүндетке отырғыздық, тойлаудамыз,
Есті ұл, ер-азамат дана бергін.

Сүндеттелдің, мұсылмандық міндетіңмен,
Жүрші,ұлым, пайғамбар сүннетімен.
Ерлерге лайық жақсы істер жасап жүрші,
Пайғамбарым мақтанар үмметімен.

Сүндеттелдің 5-жаста,
Ендігі ойға ес таста.
Азамат бол арқалы,
Көсем болып, көш баста

Сүндеттеліп, балақаным жатырсың,
Қорықпайтын ештеңеден батырсың.
Ер жігітке лайық ісің көбейсін,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Болған шығар Хан сарайы осындай,
Әсем екен сырбаз қонар қосындай.
Шаңырағың биік болсын шаттықты
Бақыт кірсін табылдырық тосылмай.

Баланың бақытты күлкісі толсын,
Бақытың Отаудың ұйытқысы болсын!
Бар сәтің осы үйде шаттықты болып,
Әр күнің қуаныш үй кісі толсын!

Жаңа үйден жаңа бақыт өрілсін,
Терезеден байлық нұры төгілсін.
Сәттіліктің әсем құсы ұя сап,
Бірлік толы тірлік қабы сөгілсін.

Отауыңа несібелер ағылсын,
Бақыт шамы сөнбестей боп жағылсын.
Мамыражай өмір өтсін жаңа үйде
Әр күніңе шаттық гүлі тағылсын.

Армандар орындалған үй болсын,
Қуаныштан күмбірлеген күй толсын.
Қара қазан қайнаған әр күндерде
Дос-жарандар қаумалаған сый толсын.

Үбірлі бол, шүбірлі бол қанат жай,
Шөбереңе жымиып тұр қарап жай.
АЛЛА сені осы өмірге жеткізсін,
Жаңа үйің болсын бақыт бұлақтай.

Жаңа үйдің шаңырағы биік болсын,
Іші толған бала деген уық болсын!
Бақыттан бастау алып әрбір таңдар,
Байлығың бар несібе жиып қонсын!