Сақтағанмын барымды шашу шашам тойға деп,
Мейірім мен саулықты берсін АЛЛА бойға көп.
Мақтанайын, ағайын, екі жаспен тойға кел.
Дақ түспесін араңа, кірмесін арам ойға жел.

Махаббаттың үлгісі боп жүріңдер,
Қуаныштан шаттанумен күліңдер.
Қол ұстасып болашаққа сенумен,
Жазылмай жұп бақытты өмір сүріңдер.

Аққу құстың қанатынан жаралған
Махаббаттың мақсатынан нәр алған,
Бас қосыпсың екі ғашық бүгін күн,
Жан болыңдар бақытты отау саналған.

Асау толқын лақтырса жағаға,
Жасымаңдар, жасқана да қарама.
Қол ұстастың сол үшін де екі жас,
Сенім керек, ену керек санаға.

Жұбайлардың жырын айтып қарсы алдық,
Жас келіннің сымбатына тамсандық.
Шаңырағың сәби үнге толсын деп,
Бақытты бол екі жас деп жар салдық.

Той болуда асыл ойлар самғағасын,
Армандарың орындалсын алдамасын.
Пейілдерің кең болсын, жомарт болсын,
Еске салар қазақтың сары даласын.

Жарастырдың жұбыңды жанып жүрек,
Жүріңдерші біріңе-бірің терек.
Ата-Ананы қуантың істеріңмен,
Ағайын-дос тілесін жақсы тілек.

Бақыт құсы кетпесінші қусаң да,
Несібе мол болсын ыдыс жусаң да.
Жарасымды, жылу енген үй болың,
Барлық балаң ұл боп келсін тусаң да.

Думандатқан той боп жатыр біздерде,
Жалғанар ма үміт жібі үзгенге.
Жұптарың еш жазылмастан жүріңдер,
Тілектер көп шын ниетті тізгенге.

Үйлену оңай, үй болу қиын,
Туысқа, досқа кетпесін сыйың.
Үйіңде әркез болсын думан,
Қуаныш тойлап жасаған жиын.

Түндерің армандарға болар тыңшы,
Ағайын әр ісіңе олар сыншы.
Үйіңнен ыдыс-аяқ сылдыры емес,
Былдыры балақанның естілсінші.