загрузка...

Асқар тауым әкешім бар байлығым
Сен бар кезде мықтымын мен жайлымын
Туған күнің құтты болсын жетсун жүзге жасыңыз
Мәз мейрам боп, туған күнде қосыла берсін басымыз

Асқар тауым 2ке деген бағбаным,
Шалқар бауым 2ке деген қорғаным,
Туған күнің құтты болсын әкетай!
Өзің ғана өмір берген қорғаным.

Әкешім,туған күніңмен!
Құттықтап келдім гүліммен.
«Ерке кыз» десең шаттанам,
Биязы,бапты үніңмен.

Асқар тау тірек данасың,
Отбасына панасың.
Еңселі ер боп жүре бер,
Анаммен тауып жарасым.

Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерек тектес шынарым, әкем!
…-жаста да еңселі кеуде
Мақтаныш етер ұраным, әкем!

Тұлпардай болшы, қартайма, әке,
Сұңқардай болшы, шалқайма, әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп, ортайма, әке!

Ел сыйлаған азаматсың ардақты,
Сөз саптаған ел ұйыған салмақты.
Ат үстінде өткізумен өмірді
60 жас та бүгін сені таңдапты.

Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!

Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!

Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғадың маған пана жел өткізбей.
Әке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!

Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бүр қуанып,бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым,панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр, мұңыңыз!

Ел сүйетін азаматсың ардақты,
Бақыт сені ең алдымен таңдапты.
Отбасы мен елге адал іс қылып,
Елу деген жасқа жеттің салмақты.

Жұмысыңның жемістері көп болсын,
Елің тыныш,көңілің тек тоқ болсын.
Денсаулығың мықты болып,мың жаса
Ел дегенде жүрегіңде от болсын!

Азаматсың ардақты ел сыйлаған,
Әке болып балаға күй жинаған.
Бүгінгі тойыңызда мына ұлыңның,
Қуанышы қойнына бір сыймаған.

Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілеймін!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан