загрузка...

Ананың орны бөлек бала үшін
Балаға тура таудай дара пішін.
Мейрамың құтты болсын,Анажаным,
Мейірімнің көрінісі дана мүсін.

Ұйқыдан көзім ашқанда
Алдымен сені іздегем.
Тәй-тәйлап қадам басқанда
Алдымнан үміт үзбеген.

Жан бар ма асқан өзіңнен
Жүрегіңнен сый ұқтым.
Отбасың болсын бақытты,
Төзімнен тасы биік шың.

Әсем сөзді кестелесем жүректен
Қазынаны қазып алсам күрекпен.
Сыйлап саған бәрін берсем қуантып
Бақытты жан болар едің тілекпен.

Керемет той бүгін бізде болуда,
Қуаныштың құсы келіп қонуда.
Отбасының мақтанышы,жүрегі,
Анажаным 60-жасқа толуда.

Тағдырың бақытты сый берсін баса,
Болмасын өміріңде мұңды таса.
Ортамызда ақыл беріп жүре бергін
Дәл осындай 60-ты тағы жаса!

Көктемнің шуақты күнінде
Әдемі мереке түрінде.
Өтуде нұр шашып бір мейрам
Анашым,әрқашан күлімде.

Анам деймін еркелеймін өзіңе,
Ұйып келем әрбір ақыл, сөзіңе.
Тәрбиенің тал бесігін тербеткен
Қарай берем мейірім толы көзіңе.

Туған күнің сенің бүгін қуанған,
Жасыңа жас қосылсын тек жүр аман.
Асқар тауым әкемменен қос биік
Болып жүрші, саған ғана жұбанам.

Түп шыңырау тереңдегі мөлдір бұлақ,
Жаныңа жатсам мамық,жасыл құрақ.
Туған күнің құтты болсын, Анажаным,
Алақаның сипаған бейне жұмақ.

Өзіңнен үйренгенмін өмірдің әр сырын,
Жақсы мен жаманның айырып бар жігін.
Үйретіп жақсыны талмастан шаршамай
Қолыма ұстатқан мәңгіге ар жібін.

Алдыңда бас ием, ардақты Анашым,
50-ді еңсеріп еңкеймей барасың.
Тек бақыт тауына шығуың бұйырсын,
Біздерге ес болып жүре бер, дара шың.

Түзу жолда жүріп келем ақылыммен
Шындықты тура айтасың батыл үнмен.
Жасыңыз құтты болсын,жан Анашым,
Әр таңыңыз ата берсеін шатты үнмен!

Наурыздың ең әсем күнінде,
Бұйырған мейрамың бүгін бе.
Құт болсын мереке-мейрамың
Анажан әрқашан күлімде.

Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймын мен сізді
Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!

Бесігінде түн баласы тербеткен,
Анажанның туған күні бұл көктем.
Денің сау боп,аман болсын шаңырақ,
Менің Анам, әдемі едің сен неткен!