Асқар тауым әкешім бар байлығым Сен бар кезде мықтымын мен жайлымын Туған күнің құтты болсын жетсун жүзге жасыңыз Мәз мейрам боп, туған күнде қосыла берсін басымыз
Туған күнің құтты болсын Анашым Ойдан әркез шығармайтын баласын Өмір берген аялаған әлпештеп Мына әлемде ең керемет анасың
Еркелесем күлімдейсің жанымда, Асыр салып жүре берші бағымда. Туған күнің құтты болсын гүлім менің, Бауырларың әр қашанда жаныңда!
Ақыл толған ойың қымбат әр қашан Есейіпсің міне енді байқасаң Туған күнің құтты болсын ұланым Асыр салып күлімдеші әр қашан
Асқар тауым 2ке деген бағбаным, Шалқар бауым 2ке деген қорғаным, Туған күнің құтты болсын әкетай! Өзің ғана өмір берген қорғаным.
Жан жолдасым Өмір маған тарту еткен Ән болғасын Өзіңе арнап тарту етем,
Құттыболсын Туған күнің қарағым Маған ғана Шын сезімді тарту еткен
Сөз алайын бір, құтықтайтын тіліме Қиын кезде қарайтын менің жөніме Туған күнің құтты болсын сіңілім Бір құрсақтан келген мына өмірге
Інім барда тыныс алам жүрекпен Жүрегімнің бақшасына гүл еккен Туған күнін құт әкелсін басыңа Тату тәтті айтылған мына тілекпен
Қорған болған күніме қыйын кезде Құлпырасын көктем болып сары күзде Туган күнің құтты болсын ағатай Жүректен шыққан сөздің бәрі сізге
Шашың сүмбіл, құрдасым құралайым Белгілі ғой тек ғана менің жәйым Қатар өстік кезінде асыр салып Тұған күнің құтты болсын құралайым
Өзің барда көрінбейді қамалдар Өзің барда көрінбейді жамандар Туған күнің құтты болсын замандас Өзіңменен жан жүрегім жалындар
Ана десем арылмайсын жанымнан Төр беремін бұлағы бар бағымнан Туған күнің құтты болсын анашым Саған ғана жарасады мақтау ән
Бауырымсың Жаратқан берген маған, Өмірде жалғыз сенем, інім, саған. Денсаулығың зор болып, ауырмағын, Анашым біздер үшін шырылдаған.
Інімнің болып жатыр бүгін тойы, Бір болған бауырымен арман-ойы. Қанатың қатайыпты қанат қақтың Қуаныштың ортаймай шатты тойы.
Бауырым, тірегімсің дара туған, Ұл балаң құтты болсын жаңа туған. Бақытты бол отбасыңмен отағасы, 10 балаң болсын соңын ала туған.
Туған күнің құтты болсын, бауырым, Аңсағанда іздеп келер ауылым. Шаңырақтың шайқалтпайтын иесі Тағдыр саған төксін бақыт жауынын.
Туған күнің құтты болсын, бауырым, Ағайын-дос тілек тілер қауымың. 100-ге жетіп қария бол ел сыйлар, Болсын аман бала-шағаң, ауылың.
Інішегім, тұяғысың әкемнің, Біздің үйге бақыт нұрын әкелдің. Жалғастырып ел есімін ертеңге, Ақта үмітін анаң менен әкеңнің.
Бауырым, құтты болсын қонған құсың, Ендігі отбасыңа шаттық ұсын. Шаңырақ пен керегені кеңге жайып, Көп болсын тағдырыңда бақыт тұсың.
25-те адамға ақыл қонған, Біреудің несібесі артып толған. Денсаулық, достық, бақыт саған тілеп, Қонсын деймін сені таңдап бақыт жолдан.
30 жас орда бұзар жасқа жеттің, Ашуды ақыл жеңер жасқа өттің. Отағасы, азамат, басшы болып, Оттай болып жанатын жасқа кеттің.
18 жас уыздай жас балалық, Көрінеді істеріңнен шалалық. Әр жыл сайын ақыл кемел толыссын, Сендер жақтан күтем жақсы жаңалық.
Аға, Апа боп саған ақыл айтамыз, Бір өзіңе үміт артып қайтамыз. Денсаулық, бақыт, байлық болсын бәрі, Азамат бол атқаратын байтақ іс.
Інімнің көңілі адал, жұмсақ жүрек, Отбасының иесі, бізге тірек. Күліп-ойнап думанды өмір өткізе бер, Денсаулық, достық, бақыт саған тілек.
Жеткізді Анам бізді аялаумен, Біз өстік көлеңкені саялаумен. Қарызды қалай енді қайтарамыз, Келеміз кезіп әлі жаяулаумен.
Шаңыраққа ие болсаң сол қуаныш, Анаға ол іс тағы бір жұбаныш. Көңіліне кірбің-мұң түсірмесек, Біздерден шығар еді бір туар іс.
Басыңа қайғы төнбесін, Қиындық қиын көмбесін. Жұлдызың жанып жарқырап Биіктерден сөнбесін.
Қуаныштан қос өрімді қамшы өрші, Қиналғанға қуат болар тамшы болшы. Адаммзаттан көмегін аямайтын, Көңілдің күйін бағар жаршы болшы.
Қоңсы қоншы ауылымен жақсылықтың, Жауы бол жеңдірмейтін лас қылықтың. Өміріңді көркем ғып өзің жаса Байлауына дес бермей бақсылықтың.
Күтеміз сенен әркез алаулы күн, Мақтауға тұрарлықтай жалаулы күн. Өс, өркенде, шарықта, талма ешқашан, Әр күнің болсын берген қалаулы күн.
Бауырым келді өмірге, Үмітті жиып көңілге. Азамат болсын ардақты, Қанатын жайған көгінде.
Іні деген атыңнан айналайын, Апалаған, сыйлаған мені әрдайым. Туған күнің құтты болсын толған жасың, Мерейің жаннан ассын бар жағдайың.
Отбасыңмен бақытты бол қуанып, Мерейіңді биік ұста ту алып. Ауру-сырқау дегендерді білмей өт, Дүниеге келсін сенен бір Алып.
Іні десе ішкен асым жерге түсер, Жақсы ісіңнен кеудеме наным пісер. Жаратқан жолы болған жан етсінші, Өмірдің бақытының бәрін ішер.
Шаршағанда дем беретін, тынысым, Бауырымысың, бірге туған інімсің. Тілеймін саулық пенен бақыт саған, Мен ай болсам серігім сен күнімсің.
Мейрамың құтты болсын бүгінгі, Күлкіменен баста әрбір күніңді. Сен аман бол, бауырым, балапаным, Бақытыңа менің түнім түрілді.
Үйретіп әріп сырын төзім бердің, Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім. Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз, Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым, Білмегенді үйретіп демеп алдың. Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз, Қадаған тамыры терең терек – талдың.
Үлгілі ұстазымды мақтан тұтам, Өзінен білім нәрін алып жұтам. Шәкіртке бар жылуын сыйлар ұстаз, Бойына біткен тәлім, биік ұстам.
Дарытып білім бойыма, Үйреткен әріп ұстазым. Қуанған әрбір тойыма, Көңілімде мәңгі қыстадың.
Арманым асып белестен, Үйрендім сізден білімді. Аман жүр әркез, ұстазым, Сыйлаймын әсем гүлімді.
Есейіп қазір қалсамда, Шәкіртпін әлі сіз үшін. Қартайма, асыл ұстазым, Биіксіз мәңгі біз үшін.
Сарп еткен бізге бар күшін, Арнаған күзін, жаз, қысын. Еңбегің берген өлшеусіз, Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты, Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым. Ескегі боп көмектесер қайықтың, Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.
Басымнан сипап мейіріммен, Білімнің сырын үйреткен. Тамаша көңіл – күйімен, Жаманның жолын күйреткен.
Ұстазым, аспаныңыз ашық болсын, Мерекеңіз үстем болып асып – толсын! Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап, Жамандық 6 қырдан қашық болсын!