Тартып бізді мейірімді қойынға,
Ерік беріп шалқаладың мойынға.
Айтушы едің көргеніңді жыр етіп,
Біздің құлақ даладағы ойында.
Жатсаң дағы жалғыз аяқ жайыңмен,
Намазыңды оқитынсың жайымен.
Тоқымаққа тәжірибеңді біздерге
Асығыпсың,аңғармаппыз,жай білгем.