загрузка...

Өзің барда көрінбейді қамалдар
Өзің барда көрінбейді жамандар
Туған күнің құтты болсын замандас
Өзіңменен жан жүрегім жалындар

Туған күн — ерекше күн әрбір жанға,
Жан досымды асықтым мен құттықтауға!
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде.

Деңсаулығың мықты боп әрқашанда,
Жүре берші жадырап ортамызда,
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!

Досыма ұлға тілек

Туған күнің құтты болсын жан досым,
Басар әрбір қадамдарың оң болсын.
Бақытты бол, орындалып арманың,
Әрбір күні сәттілік боп, жол болсын.