Ініме туған күнге тілек. Бауырымды туған күнімен құттықтау

Ініңіздің туған күні — оны қаншалықты жақсы көретініңізді, бағалайтыныңызды жеткізуге таптырмас сәт. Осы бетте ініңізге, кіші бауырыңызға арналған туған күн тілектерінің үлкен топтамасын жинадық. Жүректен шыққан жылы сөздер, әзіл-қалжыңмен берілген құттықтаулар, өлең жолдары — барлығы қазақ тілінде.
Кіші бауырың — бала кезден қатар өсіп, бір шаңырақтың астында бөліскен ең жақын жандарыңның бірі. Сондықтан оны туған күнімен құттықтау да шынайы, жүректен болғаны жөн. Қарапайым «туған күнің құтты болсын» дегеннен бастап, мағыналы әрі әсерлі тілектерге дейін — кез келген көңіл-күйге сай нұсқасын осы жерден таба аласың.
Төмендегі тілектерден ұнағанын таңдап, бір батырмамен көшіріп ал немесе бірден WhatsApp арқылы жолда. Артық әурешілік жоқ — таңдадың, көшірдің, жібердің.
Ініңе мықты денсаулық, баянды бақыт, абыройлы табыс пен ұзақ ғұмыр тіле. Алдағы жолы ашық, армандары орындалып, өмірінің әрбір күні қуанышқа толы болсын!

Жаңа үй құтты болсын, шашсын шуақ,
Жас балалар жайқалсын бейне құрақ.
Арманың орындалсын Отауыңда
Денсаулық, бақыт, байлық бұрыш құрап.

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!

Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Жаңа үйдің қоныс тойы құтты болсын! Жаратқанның берген бұл сыйы ұзағынан сүйіндіріп, шуақ әкелген үй болсын! Қазақта болатын барлық  тойлар: келін алу, қыз ұзату, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет той, Ораза, Құрбан айт, құда түсу, туған күн, барлық мереке-мейрам, мектепке бару, мектеп бітіру, диплом алу, осылардың барлығы осы шаңырақта өтсін! Жаратқанның берген барлық сыйы сендерді айналып өтпесін!

Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз.

Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл қуаныштың күлкісін шақыра алады.

Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды көріп пе едіңіз, әрине, ол тек бір кездері жақын жаныңыз сыйлап сақтап жүрген гүліңіз болмаса тек. Соның өзінде жылаудан соң әдемі, жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Жүрекке жайлылық сыйлайтындай гүлдің қандай қасиеті бар сонда? Бұл сұраққа адамзат баласы сан ғасырлар бұрын жауап іздей бастаған. Олар әр гүл адамға сыйлануы арқылы сан қилы мағынаны, түрлі ойды жеткізе алады деп ойлаған. Гүлдер туралы сөз қозғап, аппақ гүлдер, ақ гүлдер туралы, әдемі гүлдер туралы, гүлдердің түрлері мен гүлдердің аттары туралы қызықты мәліметтер беріп кетейік. Гүлдер сыры туралы, гүлдер әлемі туралы, қысқасы гүлдер туралы зор мағлұмат аласыз деген ойдамын. Ал, ендеше, әлемнің әр түкпірінен сыр тартып көрейік:

Әр гүл әр елде түсі мен түріне қарай әр түрлі мағынаны береді. Мысалы: шығыс халықтары мен гректер алқызыл түсті раушан гүлін махаббаттың белгісі деп санаса, испандықтар махаббаттың символын қызыл қалампыр гүлі деп санайды.

Ресейде махаббаттың символы ретінде қызыл қызғалдақ бекітілген де, ал қызыл раушан гүлі келісім мен ымыраның белгісі, ал қызыл қалампыр гүлі болса айырылысу белгісін білдірген.

Жапон елінде тіптен бөлектеу, олар да сары түсті гүлдер күн мен жақсы тілектің, сарғыш түсті гүлдер басшылық пен күштің, көк және көгілдір түстер сенім мен сағыныштың, күлгін түстер адал достық пен түсіністіктің, жасыл түсті гүлдер бейбітшілік пен тыныштықтың, ал ақ түс азалы күннің мағынасын бейнелеген. Бұған кереғар пікірде Ресейде сары түс азғындаушылық пен айырылысудың, қызыл түс адал махаббаттың, жасыл сенімнің, көк түс сенімділіктің, ақ түс адалдықтың, қара түс азалы күннің, қоңыр түс қауіптің, сары түс абзалдықтың көрінісін береді.

Біздің қазақ халқының қазіргі махаббаттың символы деп қызыл раушан гүлін, қызыл қызғалдақты сыйға беріп, ақ түсті адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың белгісі ретінде сыйға тартатынына қарап, біздің гүл түсіне деген көзқарасымыз көршілес мемлекетке жақын екенін аңғарамыз. Және бір ескере жүретініміз, мексикалық тұрғындар қызыл түсті гүлді өлімнің белгісі ретінде қабылдайды, ал неміс халықтары болса, ақ түс пен сары түстен құралған буманы азалы күннің белгісі деп санайды.

Ежелгі Рим мен Франция лала гүлін құрмет тұтып байлық пен барлықтың белгісі ретінде қабылдап өздерінің теңгелері мен елтаңбаларына суреттесе, Германияда бұл гүлді өздеріне қол салып өлгендер мен қинап өлтірілгендердің бейітінің басында ерекше күшпен жақсы өсетін гүл есебінде қабылдаса, Египеттіктер де бұл гүлмен өлген жас қыздардың денесін көмкерген. Бразилия мен Мексикада да лала гүлін сыйға алудан бас тартады.

Ал, африкалық Кенияда жағдай мүлде басқа, мұнда гүл тек қайғылы қазаға көңіл айтудың белгісі ретінде беріледі.

Гүл дегеніміз не өзі? Гүл- табиғаттың сыйы. әр түрлі түстер топтасқан жиынтық. Түс- қуат көзі секілді гүлдер де біздің өмірімізге әсер етеді. Түс адамға күшті әсер етеді, тіпті ол- емдеу қасиетіне ие. Біздер тұрмыстық заттар мен киімдерді таңдағанда сол кездегі көңіл-күйімізге қарап түстерді таңдаймыз. Түстердің де беретін мағынасы ір елде әр түрлі, қатып қалған қағида жоқ. Ендігі кезек қандай түсті гүлдерді қандай топтағы адамдарға сыйға тартуға болады деген сұраққа келеді.

Бірінші;

Ақ түс-ақ түсті гүлдер көбінесе жастарға сыйланады. Бұл түстегі гүлдер тазалықтың, шыншылдықтың, жаны таза қыздарға деген құрмет белгісін білдіреді. Сонымен бірге ақ түс отбасын құру туралы ұсынысты білдіреді деген де түсінік бар. Егер жас келіннің қолындағы гүлдестені ақ түстен шоғырландырса, онда жас жұбайлардың өмірлері ұзақ, бір-біріне деген сезім, құрметтері де ұзақ болады.
Қызыл түс- тек қана махаббатың белгісі ретінде қолданылмайды, қызыл раушаннан басқа қызыл қалампыр, қызыл лала, қызыл хризантема гүлдері бар. Қызыл түсті гүлдер мықтылықты, билікті, бұла күшті сипаттайды, сондықтан да бұл түстегі гүлдер мықты мінезді, билік құмар, күш-жігері жоғары адамдарға сыйланады.

Ал қызыл гүлдер сыры. Ер адам сізге ал қызыл гүлдер сыйласа, бұл- жағымды белгі. Бұл түстегі гүлдер нәзіктік пен бүршік жарып келе жатырған махаббатты сипаттайды.
Сары түсті гүлдер сыры. Сүйіктісінен сары түсті гүл алған кейбір бойжеткендер мұны келіспеушілік пен айырылысудың, қайғы-мұңның белгісі деп түсінеді. Шындығында, бұрынғы замандарда ер-азаматтар қыз-келіншектерге жақын арада сезімдерінің сөнетінін білдіру мақсатында сары түсті гүлдерді сыйға тартқан. Қазіргі заманда сары түсті гүлдердің бұрынғы мағынасы жойылған. Сары түс қазір адамға байлық пен бақыт тілегенде ұсынылады. Сары гүлді қуаныш пен жарқын көңілдің, батылдық пен мейірімділіктің негізінде кез-келген адамға сыйға тарта аласыз. Сары лала гүлі мен сары каллы гүлін дос құрбыларыңызға сыйға тартуға әбден болады.

Көк түсті гүлдерді құпиялылықтың мағынасы ретінде пайланады. Мұндай түсті гүлдерді сырын білмейтін, жұмбақ дүниелі жандарға сыйға тартады. Егер сіз сүйіктіңізге көк түсті гүлдер жиынтығын сыйласаңыз адал махаббатыңыз бен таза пейіліңізді білдіре аласыз.

Сарғыш түсті гүлдер мағынасы. Сарғыш түсті гүлді өзіңіздің жұмыс бабындағы бастығыңызға құрмет белгісі ретінде сыйлай аласыз. Бұл түс адамның тәкаппарлығы мен күш-жігерін мойындауды, ой-қабілеті мен қарымының биіктігін білдіреді.

Күлгін түс- байланыстырушы түс. Қайғы-мұңды бейнелейді. Сонымен бірге басымдық пен барлықты да бейнелейтін мағынасы бар.

Көгілдір түсті гүлдер тазалық, ұзақтық, шынайлықты білдіреді. Бұл түсті гүлдерді жаны таза, пәк, сұлу мінезді адамдарға сыйға тартады.
Жасыл түс-бейбітшілік, тыныштық. Жасыл түсті гүлдер көңілге тыныштық алып келетін сезім сыйлайды.

Кей кезде туған күн немесе мереке- мейрамдарда жақындарымызды құттықтауға гүл апарғымыз келеді да, бірақ таңдауға келгенде қиналып қалатын кездеріміз болып жатады. әр гүл- өзінше бір әлем, сан қилы мағына мен сан қиылы қуанышты күлкі сыйлайды. Сонымен, қандай гүл қандай мағынаға ие, тоқталып көрсек:

Айта кететін жағдай, бұлардың баршасы адамның өз танымынан шыққан қағидалар. Бұл жазылғандарға қарап, кейбір білместікпен, бірақ шын көңілмен гүл сыйлаған адамға «осы гүл осындай нашар мағына береді екен» деп көңіліне қаяу түсіріп алмаңыз. Барша гүл біткен әдемі, бәрі қуаныш сыйлай алады.

Апа деген атыңнан айналайын,
Қамымды ойлап шыр-пыр боп жүрген дәйім.
Туған күнің құтты болсын, бақ келсін,
Ата берсін оңыңнан сенің айың.

«Әпкем» деймін мақтанамын өзіңмен,
Мейірім төгер тура Анамдай көзіңнен.
Қарайлаумен артына ерген бауырына,
Бақыт тілеп әр түнде көзін ілген.

Қорғанышым өзіңсің, сүйенішім,
Сүрінгенде дем берген тіреуішім.
Қуаныштың көлінде тек күліп жүрші,
Бәріне де жетеді сенің күшің.

Ұяңнан ұшып барасың, Апатайым,
Қиналасың белгілі сенің жайың.
Барған жерің бақыт қонған қоныс болсын,
Сыртыңнан тілекшімін мен әрдайым.

Бақытты бол жездеммен қол ұстасып,
Күлкің жүрсін шаттыққа оттық тасып.
Сыйлы келін, сүйкімді жар бола біл,
Бір қартайып жүріңдер қол ұстасып.

Қимайды жүрек, шіркін, өзге отқа,
Дегім келер, Апатай, кетпе, тоқта,
Бақытыңа қалайша байланайын,
Жолың болсын, барасың өзге топқа.

Ол үй сенің ендігі шын Отауың,
Қонақ болып келіп тұр бізге әрдайым.
Бақытты бол, бақытты бол, бақытты бол,
Жездекемнің жүрегіне бол  ханшайым!

Денсаулықтың қаттысын,
Өмірдің дәмді тәттісін,
Тілеймін саған, Апатай.
Қуаныштың бақ құсын,
Түндердің әркез шаттысын,
Тілеймін саған, Апатай!

Үлкен деп сені сыйлаймын,
Қырлардан гүлді жинаймын.
Шаттанып әркез күлсін деп
Айтқаныңды тыңдаймын.

Үлгі болар әсем жансың ініге,
Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
Қабағымды шытпасын деп бәйек боп,
Қайта-қайта жалтақтайсың түріме.

Бүгін сенің туған күнің не берсем,
Әлемнің бай адамына теңелсем.
Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.

Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
Күліп жүрші мына туған күніңде.
Осы сәттер енді айналып келмейді
Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.

Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
Тілек тілеп саптың басын құрайық.
Абыройың асып-тасып шалқысын,
Бір АЛЛАДАН  бақ берші деп сұрайық

Қолыма қалам алып хат жазамын,
Бақытың қайтармасын бар базарын.
Алыстан ыстық тілек жолдауменен,
Тілеймін мұң шалмасын мәңгі ажарың.

Тілеймін жар көңілдің адалдығын,
Балалардың бақытын, амандығын.
Апатай, жанұяңмен бақытты бол,
Ыстық сәлем жолдаймын саған бүгін.

Қанша адамды танысам да,
Таныстарға жарысам да,
Жетпейді екен өзіңе ешкім мүлде.
Үміт отын жанысам да,
Қайратымды қарысам да,
Әпкетай, қадіріңді кеш білгем бе.

Мейрамыңмен құттықтаймын, Әпкешім,
Бүгінгі күн айтылмасын өкпе-сын.
Тілегіңді бере көрсін Жаратқан,
Бақтың құсы қусаң дағы кетпесін.

Гүлдерге теңесем,
Гүлден де сұлусың.
Айға да теңесем,
Тым әсте жылусың.

Теңеулер табылмас,Әпкешім, өзіңе
Тілектер тілейін туған бұл кезіңе.
Өмірдің сынынан сүрінбей өте біл,
Тағдырың салмасын қайралған тезіне

18-ге толдың сұлу жасыңа,
Әпкетайым, бұлт төнбесін басыңа.
Ортамызда гүлдей жайнап өсе бер,
Бақыт өзі іздеп келсін қасыңа.

Әпкетайым, жақсы көрем өзіңді,
Мейрамыңда айтам тілек сөзімді.
Денсаулығың мықты болып күлімде,
АЛЛАМ саған берсін қайсар төзімді.

Екеуміз де ата-ананың баласы,
Үміт артқан тілегі мен панасы.
Бауырлармыз қанымыз бір жанымыз,
Айыруға ешкімнің жоқ таласы.

Аққудай әсем жетілдің,
Дегбірін жүрек кетірдің.
Әпкешім, міне, ендігі
Жездеме қимай кетілдім.

Отауың әркез биік боп,
Керегең кеңге жайылсын.
Балалар шулап ішінде,
Қонағың мәз боп тойынсын!

Мейрамыңмен, Әпкешім, құттықтаймын,
Сен дегенде тілегім тұрар дайын.
Ең бір тәтті күндердің қызығын көр,
Шаттығыңа мақтанайын мен әрдайым.

Құтты болсын,Әпкетайым, туған күнің,
Бір жасыңды мақтана жуған күнің.
Бақыттың базарында шат күн кешіп,
Әрқашан да үзілмесін думанды үнің.

Әпкетай, туған күнің құтты болсын!
Шаңырақтың шаттығы мықты болсын!
100-ге жетіп, отбасыңа бақыт қонсын,
Қазаның қымыз, шұбат, сүтке толсын!

Әпкетайым, өзіңді сағынамын,
Қоңырауды күтумен сарыламын.
Сенсіз маған бір нәрсе жетпейтіндей,
Іштен тынып, кейде айқайлап жарыламын.

Ұқтым,әпке, жаныма керегіңді,
Егейінші қасыңнан терегімді.
Қорған болмақ ниетің жан жылытар,
Шығарамын жүректегі терең үнді.

Арамыздың алшақтығы шамалы жас,
Сөйтсе де бағыт беріп боласың бас.
Біздердің бауырластық ақ ниетке,
Шыдамай ерір деймін зіл қара тас.

Мен бармын өзің үшін күюге де,
Қуаныштың қапшығын түюге де.
Бауырымсың жаннан ыстық жаратылған,
Әпкешім, лайықсың шын сүюге де.

25-тің толып асу беліне,
Тоқтапсың-ау ой-ақылдың көліне.
100 жақсылық, 100 ақ ниет тілеймін,
Қоныс тепкін бақыттың дәл төріне.

30-да, Әпке, ортаймасын көңілің,
Жап-жас болшы қартаймасын өмірің.
Бауырыңа бақыт гүлін құшумен,
Нұр-шуаққа толы болсын өңірің.

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.

«Ағасы бардың жағасы бар»,
Асқар таудай панасы бар.
Алдыңа бастау жолды көрсететін,
Жанашыр адал көңіл санасы бар.

Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.

Арқа сүйер ағам менің тірегім,
Туған күнде саған бақыт тіледім.
Мақсатыңа межелеген жете бер,
Аспан ашық, шатты болып жүрегің.

50 жасың, Ағатай, болсын құтты,
Әлемдегі тілейін бар жақұтты.
Отбасыңның тірегі, жүрегі бол,
Көре берші қуанышты бар бақытты.

40-тың қырқасына шықтың,Аға,
Бола білдің ініңе ақыл, жаға.
Істеріңе тәнті болам адал жүрек,
Бағалаймын 100-бен тек берсем баға.

Отбасыңның, еліңнің тірегісің,
Елжіреген кішіге жүрегің тым.
Ауырма, бақыт бағы ашсын есік,
100-ге жет жеңгемменен тілерім шын.

Бастауысың әр істің,
Қайнарысың бар күштің.
Ағатайым, құт болсын,
Туған күнің табыс күн.

35-ке толды ағам бүгінде,
Шаттанамын сенің туған күніңде.
Шаңырақты көтерген керегесің,
Мақсатыңа жетіп әркез күлімде.

60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.

Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау,жарыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.

Шаңырақ биік болып, ортаймаңыз,
Әр күнде шаттық болып той тойлаңыз.
Немере, шөберенің бәрін көріп,
Жасыңыз 100-ге жетіп қартаймаңыз.

Қос қанат қос ұлыңыз қуат берсін,
Келіндер сыйлап сізді шуақ берсін!
Бақыт, байлық барлығын Жаратқаннан
Періштелер өзіңізге сұрап берсін!

Өмірге әкеліп өсірдің
Жақсы істі басыма көшірдің.
Қарызбын өзіңе мәңгілік
Мейрамда ағымнан көсілдім.