Ел сүйетін азаматсың ардақты,
Бақыт сені ең алдымен таңдапты.
Отбасы мен елге адал іс қылып,
Елу деген жасқа жеттің салмақты.

Жұмысыңның жемістері көп болсын,
Елің тыныш,көңілің тек тоқ болсын.
Денсаулығың мықты болып,мың жаса
Ел дегенде жүрегіңде от болсын!

Азаматсың ардақты ел сыйлаған,
Әке болып балаға күй жинаған.
Бүгінгі тойыңызда мына ұлыңның,
Қуанышы қойнына бір сыймаған.

Денсаулықты тілеймін қартаймайтын,
Шат көңілді тілейін ортаймайтын.
Бақытты да тілейін ең бастысы,
Абыройды тілейін шалқаймайтын.

Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілеймін!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан

60 деген алып тауға жеттіңіз,
Сайрап жатыр артыңызда соқпақ жол.
Небір асу белден батыл өттіңіз
Шықса да алдан шырмауы коп томпақ тор.

Барлык әке сіздей болсын бола алса,
Биік шыңға барып қонсын қона алса.
Бар биікті бағындырған, әкежан,
Өмір-базар, қала көрме оңаша.

Тартып бізді мейірімді қойынға,
Ерік беріп шалқаладың мойынға.
Айтушы едің көргеніңді жыр етіп,
Біздің құлақ даладағы ойында.

Жатсаң дағы жалғыз аяқ жайыңмен,
Намазыңды оқитынсың жайымен.
Тоқымаққа тәжірибеңді біздерге
Асығыпсың,аңғармаппыз,жай білгем.

Немерем дейсің елжіреп,
«Суйейін сені» келші деп.
Айтушы еді үлкендер
Атаның сөзі емші деп.

Батаңды алып мен жүрсем,
Бағыма менің сен күлсең.
Ауырма, Ата, қартайма,
100-жасқа қарай жең түрсең.

Алпыс жасың, Аташым, болсын құтты!
Еш ауырмай денсаулығын болсын мықты.
Немере мен шөбере көбейсін де,
Көре алмаған жандар тек болсын күпті.

70-тің желкесіне шықтың, Ата,
Өз аузыңнан алайын берші бата.
Денсаулығың мықты боп 100 жасқа жет,
Әр ісіммен жүрейін мен қуанта.

Немересін артық көрген баладан,
Үйренейік, Ата, сынды данадан.
Олар білген жайлар бізге тым керек,
Оқыған ғой оның бәрін даладан.

Олар бізге сыйға берген бақ-шыны,
Тілейікші әлемдегі жақсыны.
Қариялар аман болсын әрқашан,
Ортаймасын айтар бізге қап сыры.