Айырып жақсылықты жамандықтан,
Қайырған жауыздықты адалдықтан.
Ақылдың кеніші, Ата, еш ауырма,
Жанды ұққан, бір қараумен жанарды ұққан.

Үйреттің өзің ерінбей,
Өмірдің әрбір сабағын.
Ақылдың өзен-көліндей,
Түспесін, Ата, қабағын.

Берерің маған көп әлі
Білгеніңді, Атажан.
Ақылың азық жеп әлі
Қалмаймын мен де қатардан.

Келіпті өмір ащысы, тұщысы да,
Төрден орын беріпсің бақ құсына.
Алмағайып кезеңдерде қайыспаған
Ата, сенен асқан жан жоқ қой, сірә.

75 жаста әлі тың көрінесің,
Өмірде үлгі болып,төр кіресің.
Қуанып жатыр бүгін ұл-қызыңыз,
Ақылдан әлі талай тор тігесіз.
Жүріңізші немерені сүюмен
Біздерге ақыл,өсиетті түюмен.
Жүре берші сабырлықтың үлгісі
Бағдар берер баталы Ата күйіңмен!

Береке-бірлік бастауы,
Шындықтың қолдар шашбауы.
Аман жүр, Ата, әрдайым,
Жамандықтың қас жауы.

«Баталы ел арымас,
Батасыз ел жарымас».
Батаны берер, Аташым,
Қартаймай алға қадам бас!

Шағырақтың түндігін еш түсірмей,
Уықтарын қадаған тік мүсіндей.
Отбасының керегесін кең етіп,
Жүрсің,Ата, мәртебеңді түсірмей.
Бақытты бол әжемменен,жан Ата,
Қуаныштың санын әр күн саната.
Қартаймаңдар 100-ге жетіп ғұмырлар,
Жүріңдерші ақыл нұрын тарата.

Төбемізден төге бермес шуақты,
Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да!
Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,
Жақсы адамдар тіршілікте қаншама.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын! Барлық арман мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін жəнеде биіктен көріне бер. Туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

Көкірегі сырға толы күй-дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген.
Өзі өскен ұясынан симастан,
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.

Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!