Енді, ұлым, аттың жалын тартып мінсін,
Арқалап елдің жүгін артып жүрсін.
Ерке ұл болмай елдің үлкен ұлы болсын,
Жақсы іске бастау болып шалқып күлсін.
Tilek.kz
Жаратқан, ұлды бердің, дара бердің,
Ендігі есі түзу сана бергің.
Сүндетке отырғыздық, тойлаудамыз,
Есті ұл, ер-азамат дана бергін.
Сүндеттелдің, мұсылмандық міндетіңмен,
Жүрші,ұлым, пайғамбар сүннетімен.
Ерлерге лайық жақсы істер жасап жүрші,
Пайғамбарым мақтанар үмметімен.
Сүндеттелдің 5-жаста,
Ендігі ойға ес таста.
Азамат бол арқалы,
Көсем болып, көш баста
Сүндеттеліп, балақаным жатырсың,
Қорықпайтын ештеңеден батырсың.
Ер жігітке лайық ісің көбейсін,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.
Болған шығар Хан сарайы осындай,
Әсем екен сырбаз қонар қосындай.
Шаңырағың биік болсын шаттықты
Бақыт кірсін табылдырық тосылмай.
Баланың бақытты күлкісі толсын,
Бақытың Отаудың ұйытқысы болсын!
Бар сәтің осы үйде шаттықты болып,
Әр күнің қуаныш үй кісі толсын!
Жаңа үйден жаңа бақыт өрілсін,
Терезеден байлық нұры төгілсін.
Сәттіліктің әсем құсы ұя сап,
Бірлік толы тірлік қабы сөгілсін.
Отауыңа несібелер ағылсын,
Бақыт шамы сөнбестей боп жағылсын.
Мамыражай өмір өтсін жаңа үйде
Әр күніңе шаттық гүлі тағылсын.
Армандар орындалған үй болсын,
Қуаныштан күмбірлеген күй толсын.
Қара қазан қайнаған әр күндерде
Дос-жарандар қаумалаған сый толсын.
Үбірлі бол, шүбірлі бол қанат жай,
Шөбереңе жымиып тұр қарап жай.
АЛЛА сені осы өмірге жеткізсін,
Жаңа үйің болсын бақыт бұлақтай.
Жаңа үйдің шаңырағы биік болсын,
Іші толған бала деген уық болсын!
Бақыттан бастау алып әрбір таңдар,
Байлығың бар несібе жиып қонсын!