Жаңа үй құтты болсын, шашсын шуақ, Жас балалар жайқалсын бейне құрақ. Арманың орындалсын Отауыңда Денсаулық, бақыт, байлық бұрыш құрап.

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!

Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Жаңа үйдің қоныс тойы құтты болсын! Жаратқанның берген бұл сыйы ұзағынан сүйіндіріп, шуақ әкелген үй болсын! Қазақта болатын барлық  тойлар: келін алу, қыз ұзату, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет той, Ораза, Құрбан айт, құда түсу, туған күн, барлық мереке-мейрам, мектепке бару, мектеп бітіру, диплом алу, осылардың барлығы осы шаңырақта өтсін! Жаратқанның берген барлық сыйы сендерді … Read more

Гүлдер сыры

Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз. Табиғатқа … Read more

Апа деген атыңнан айналайын, Қамымды ойлап шыр-пыр боп жүрген дәйім. Туған күнің құтты болсын, бақ келсін, Ата берсін оңыңнан сенің айың.

«Әпкем» деймін мақтанамын өзіңмен, Мейірім төгер тура Анамдай көзіңнен. Қарайлаумен артына ерген бауырына, Бақыт тілеп әр түнде көзін ілген. Қорғанышым өзіңсің, сүйенішім, Сүрінгенде дем берген тіреуішім. Қуаныштың көлінде тек күліп жүрші, Бәріне де жетеді сенің күшің.

Ұяңнан ұшып барасың, Апатайым, Қиналасың белгілі сенің жайың. Барған жерің бақыт қонған қоныс болсын, Сыртыңнан тілекшімін мен әрдайым. Бақытты бол жездеммен қол ұстасып, Күлкің жүрсін шаттыққа оттық тасып. Сыйлы келін, сүйкімді жар бола біл, Бір қартайып жүріңдер қол ұстасып.

Қимайды жүрек, шіркін, өзге отқа, Дегім келер, Апатай, кетпе, тоқта, Бақытыңа қалайша байланайын, Жолың болсын, барасың өзге топқа. Ол үй сенің ендігі шын Отауың, Қонақ болып келіп тұр бізге әрдайым. Бақытты бол, бақытты бол, бақытты бол, Жездекемнің жүрегіне бол  ханшайым!

Денсаулықтың қаттысын, Өмірдің дәмді тәттісін, Тілеймін саған, Апатай. Қуаныштың бақ құсын, Түндердің әркез шаттысын, Тілеймін саған, Апатай!