Қорған болған күніме қыйын кезде
Құлпырасын көктем болып сары күзде
Туган күнің құтты болсын ағатай
Жүректен шыққан сөздің бәрі сізге
Ағама туған күнге тілек. Ағаны туылған күнімен құттықтау
Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.
Аға десе асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.
«Ағасы бардың жағасы бар»,
Асқар таудай панасы бар.
Алдыңа бастау жолды көрсететін,
Жанашыр адал көңіл санасы бар.
Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.
Арқа сүйер ағам менің тірегім,
Туған күнде саған бақыт тіледім.
Мақсатыңа межелеген жете бер,
Аспан ашық, шатты болып жүрегің.
50 жасың, Ағатай, болсын құтты,
Әлемдегі тілейін бар жақұтты.
Отбасыңның тірегі, жүрегі бол,
Көре берші қуанышты бар бақытты.
40-тың қырқасына шықтың,Аға,
Бола білдің ініңе ақыл, жаға.
Істеріңе тәнті болам адал жүрек,
Бағалаймын 100-бен тек берсем баға.
Отбасыңның, еліңнің тірегісің,
Елжіреген кішіге жүрегің тым.
Ауырма, бақыт бағы ашсын есік,
100-ге жет жеңгемменен тілерім шын.
Бастауысың әр істің,
Қайнарысың бар күштің.
Ағатайым, құт болсын,
Туған күнің табыс күн.
35-ке толды ағам бүгінде,
Шаттанамын сенің туған күніңде.
Шаңырақты көтерген керегесің,
Мақсатыңа жетіп әркез күлімде.
60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.
Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау,жарыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.