загрузка...

Шаңырақ биік болып, ортаймаңыз,
Әр күнде шаттық болып той тойлаңыз.
Немере, шөберенің бәрін көріп,
Жасыңыз 100-ге жетіп қартаймаңыз.

Қос қанат қос ұлыңыз қуат берсін,
Келіндер сыйлап сізді шуақ берсін!
Бақыт, байлық барлығын Жаратқаннан
Періштелер өзіңізге сұрап берсін!

Туылған күнің құтты болсын жан аға,
Көңіліңізде мұң болмасын, жоқ аға.
Деніңіз сау амандықта болып сіз,
Күлімдеңіз, шаттаныңыз тек қана…