Тілек » Туған күнге арналған тілек » Ініме туған күнге тілек. Бауырымды туған күнімен құттықтау
18 жас уыздай жас балалық,
Көрінеді істеріңнен шалалық.
Әр жыл сайын ақыл кемел толыссын,
Сендер жақтан күтем жақсы жаңалық.
Аға, Апа боп саған ақыл айтамыз,
Бір өзіңе үміт артып қайтамыз.
Денсаулық, бақыт, байлық болсын бәрі,
Азамат бол атқаратын байтақ іс.
Інімнің көңілі адал, жұмсақ жүрек,
Отбасының иесі, бізге тірек.
Күліп-ойнап думанды өмір өткізе бер,
Денсаулық, достық, бақыт саған тілек.
Жеткізді Анам бізді аялаумен,
Біз өстік көлеңкені саялаумен.
Қарызды қалай енді қайтарамыз,
Келеміз кезіп әлі жаяулаумен.
Шаңыраққа ие болсаң сол қуаныш,
Анаға ол іс тағы бір жұбаныш.
Көңіліне кірбің-мұң түсірмесек,
Біздерден шығар еді бір туар іс.
Басыңа қайғы төнбесін,
Қиындық қиын көмбесін.
Жұлдызың жанып жарқырап
Биіктерден сөнбесін.
Қуаныштан қос өрімді қамшы өрші,
Қиналғанға қуат болар тамшы болшы.
Адаммзаттан көмегін аямайтын,
Көңілдің күйін бағар жаршы болшы.
Қоңсы қоншы ауылымен жақсылықтың,
Жауы бол жеңдірмейтін лас қылықтың.
Өміріңді көркем ғып өзің жаса
Байлауына дес бермей бақсылықтың.
Күтеміз сенен әркез алаулы күн,
Мақтауға тұрарлықтай жалаулы күн.
Өс, өркенде, шарықта, талма ешқашан,
Әр күнің болсын берген қалаулы күн.
Бауырым келді өмірге,
Үмітті жиып көңілге.
Азамат болсын ардақты,
Қанатын жайған көгінде.
Іні деген атыңнан айналайын,
Апалаған, сыйлаған мені әрдайым.
Туған күнің құтты болсын толған жасың,
Мерейің жаннан ассын бар жағдайың.
Отбасыңмен бақытты бол қуанып,
Мерейіңді биік ұста ту алып.
Ауру-сырқау дегендерді білмей өт,
Дүниеге келсін сенен бір Алып.
Іні десе ішкен асым жерге түсер,
Жақсы ісіңнен кеудеме наным пісер.
Жаратқан жолы болған жан етсінші,
Өмірдің бақытының бәрін ішер.