Шаршағанда дем беретін, тынысым,
Бауырымысың, бірге туған інімсің.
Тілеймін саулық пенен бақыт саған,
Мен ай болсам серігім сен күнімсің.
Ініме туған күнге тілек. Бауырымды туған күнімен құттықтау
загрузка...
Мейрамың құтты болсын бүгінгі,
Күлкіменен баста әрбір күніңді.
Сен аман бол, бауырым, балапаным,
Бақытыңа менің түнім түрілді.
Туған күнің құтты болсын бауырым,
Тілеймін мен сәтті күннің жарығын.
Бақытты бол, қуанышың көп болып,
Амандықта жүре бергін жан інім…