Іні деген атыңнан айналайын,
Апалаған, сыйлаған мені әрдайым.
Туған күнің құтты болсын толған жасың,
Мерейің жаннан ассын бар жағдайың.
Отбасыңмен бақытты бол қуанып,
Мерейіңді биік ұста ту алып.
Ауру-сырқау дегендерді білмей өт,
Дүниеге келсін сенен бір Алып.
Іні десе ішкен асым жерге түсер,
Жақсы ісіңнен кеудеме наным пісер.
Жаратқан жолы болған жан етсінші,
Өмірдің бақытының бәрін ішер.
Тілегіңізді қосыңыз
Саламатсыз ба. Шабытыңыз бар болса тілегіңізді немесе батаны біздің Тілектер жинағымызға қосуға өтінеміз. 1-2 күннің ішінде біз сіздің тілекті осы сайтқа жариялаймыз сізді автор қылып. Рақмет!