Қолыма қалам алып хат жазамын, Бақытың қайтармасын бар базарын. Алыстан ыстық тілек жолдауменен, Тілеймін мұң шалмасын мәңгі ажарың. Тілеймін жар көңілдің адалдығын, Балалардың бақытын, амандығын. Апатай, жанұяңмен бақытты бол, Ыстық сәлем жолдаймын саған бүгін.
Қанша адамды танысам да, Таныстарға жарысам да, Жетпейді екен өзіңе ешкім мүлде. Үміт отын жанысам да, Қайратымды қарысам да, Әпкетай, қадіріңді кеш білгем бе.
Мейрамыңмен құттықтаймын, Әпкешім, Бүгінгі күн айтылмасын өкпе-сын. Тілегіңді бере көрсін Жаратқан, Бақтың құсы қусаң дағы кетпесін.
Гүлдерге теңесем, Гүлден де сұлусың. Айға да теңесем, Тым әсте жылусың. Теңеулер табылмас,Әпкешім, өзіңе Тілектер тілейін туған бұл кезіңе. Өмірдің сынынан сүрінбей өте біл, Тағдырың салмасын қайралған тезіне
18-ге толдың сұлу жасыңа, Әпкетайым, бұлт төнбесін басыңа. Ортамызда гүлдей жайнап өсе бер, Бақыт өзі іздеп келсін қасыңа.
Әпкетайым, жақсы көрем өзіңді, Мейрамыңда айтам тілек сөзімді. Денсаулығың мықты болып күлімде, АЛЛАМ саған берсін қайсар төзімді.
Екеуміз де ата-ананың баласы, Үміт артқан тілегі мен панасы. Бауырлармыз қанымыз бір жанымыз, Айыруға ешкімнің жоқ таласы.
Аққудай әсем жетілдің, Дегбірін жүрек кетірдің. Әпкешім, міне, ендігі Жездеме қимай кетілдім. Отауың әркез биік боп, Керегең кеңге жайылсын. Балалар шулап ішінде, Қонағың мәз боп тойынсын!
Мейрамыңмен, Әпкешім, құттықтаймын, Сен дегенде тілегім тұрар дайын. Ең бір тәтті күндердің қызығын көр, Шаттығыңа мақтанайын мен әрдайым.
Құтты болсын,Әпкетайым, туған күнің, Бір жасыңды мақтана жуған күнің. Бақыттың базарында шат күн кешіп, Әрқашан да үзілмесін думанды үнің.