Әпкетай, туған күнің құтты болсын! Шаңырақтың шаттығы мықты болсын! 100-ге жетіп, отбасыңа бақыт қонсын, Қазаның қымыз, шұбат, сүтке толсын!

Әпкетайым, өзіңді сағынамын, Қоңырауды күтумен сарыламын. Сенсіз маған бір нәрсе жетпейтіндей, Іштен тынып, кейде айқайлап жарыламын. Ұқтым,әпке, жаныма керегіңді, Егейінші қасыңнан терегімді. Қорған болмақ ниетің жан жылытар, Шығарамын жүректегі терең үнді.

Арамыздың алшақтығы шамалы жас, Сөйтсе де бағыт беріп боласың бас. Біздердің бауырластық ақ ниетке, Шыдамай ерір деймін зіл қара тас. Мен бармын өзің үшін күюге де, Қуаныштың қапшығын түюге де. Бауырымсың жаннан ыстық жаратылған, Әпкешім, лайықсың шын сүюге де.

25-тің толып асу беліне, Тоқтапсың-ау ой-ақылдың көліне. 100 жақсылық, 100 ақ ниет тілеймін, Қоныс тепкін бақыттың дәл төріне.

30-да, Әпке, ортаймасын көңілің, Жап-жас болшы қартаймасын өмірің. Бауырыңа бақыт гүлін құшумен, Нұр-шуаққа толы болсын өңірің.

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым, … астан асып бара жатырсың. Ортаймасын күлкі күнің ешқашан, Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе асқар тау елестейді, Сен дегенде көңілім егеспейді. Денің сау боп отбасыңа бас болшы, Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.

«Ағасы бардың жағасы бар», Асқар таудай панасы бар. Алдыңа бастау жолды көрсететін, Жанашыр адал көңіл санасы бар. Аман жүр,аға, жеңгеммен, Жан бар ма саған тең келген. Несібең тасып, бақ қонып, Тірегім болшы дем берген.

Арқа сүйер ағам менің тірегім, Туған күнде саған бақыт тіледім. Мақсатыңа межелеген жете бер, Аспан ашық, шатты болып жүрегің.

50 жасың, Ағатай, болсын құтты, Әлемдегі тілейін бар жақұтты. Отбасыңның тірегі, жүрегі бол, Көре берші қуанышты бар бақытты.