40-тың қырқасына шықтың,Аға, Бола білдің ініңе ақыл, жаға. Істеріңе тәнті болам адал жүрек, Бағалаймын 100-бен тек берсем баға. Отбасыңның, еліңнің тірегісің, Елжіреген кішіге жүрегің тым. Ауырма, бақыт бағы ашсын есік, 100-ге жет жеңгемменен тілерім шын.

Бастауысың әр істің, Қайнарысың бар күштің. Ағатайым, құт болсын, Туған күнің табыс күн.

35-ке толды ағам бүгінде, Шаттанамын сенің туған күніңде. Шаңырақты көтерген керегесің, Мақсатыңа жетіп әркез күлімде.

60 жас асқаралы таудай екен, 60 жас шалғынды жер баудай екен. 60 жас 6 аттамдық жерде емес, 60 жас алыстардан арбайды екен. Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз, Байлық болсын әрқашан еккеніңіз. Деніңіз сау,жарыңыз аман болсын, Оралсын бақыт болып өткеніңіз.

Шаңырақ биік болып, ортаймаңыз, Әр күнде шаттық болып той тойлаңыз. Немере, шөберенің бәрін көріп, Жасыңыз 100-ге жетіп қартаймаңыз.

Қос қанат қос ұлыңыз қуат берсін, Келіндер сыйлап сізді шуақ берсін! Бақыт, байлық барлығын Жаратқаннан Періштелер өзіңізге сұрап берсін!

Өмірге әкеліп өсірдің Жақсы істі басыма көшірдің. Қарызбын өзіңе мәңгілік Мейрамда ағымнан көсілдім.

Туған күнің тойлануда той болып Көрген бейнет зейнет болып, ой толып. Барлық жанның тілектері қабыл боп Әумин десін періштелер мол толып. Деніңізге саулық берсін Жаратқан Сен сәулесің жерге нұрын таратқан. Немере мен шөберені көп көріп Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

Ана деген атқа иесің керемет Бар қасиет жүгін жиған сөрелеп. Ана сенің мейрамыңда бүгінгі, Бергім келер бақ тұлпарды өрелеп.

Балалардың панасы, Ақыл-ойдың парасы. Тәрбиенің бастауы, Аман жүрші, Анашым!