Қуат берер бір жаным бар әлемде
Жалғыз лайық барлық саулық-сәлемге.
Анашым-ау сағындым ғой өзіңді
Болсам да алыс сөзің шипа жан емге.
Заметки
Көп ренжітіп аламын-ау сені, Ана,
Жүрем сосын опынумен мұңдана.
Кешір, Ана, кіналама балаңды
Әзірге осы сыйлар сыйым жыр ғана.
Өмірдегі ең асыл жан сен ғана
Туған күнің келе жатыр енді, ана,
Денсаулығын мықты болсын, күліп жүр
Құшағыңда еркелейін кең дала!
Әрқашан да күліп жүрші,Анашым,
Жан жетпейтін асқақ тұрған дара шың.
50 жасты еңсеріп те тастапсың
100 жасаңыз, маған өзің панасың!
Ана-мейрам, Ана-таза, таңғы шық,
Ана десе атады әркез таң күліп.
Аналардан бастау алар жақсы істер
Тарихтардан айтар жартас жаңғырып.
Ана-шаттық,жүрер жерін сән қылып
Мінезіне қайран қалам, таң қылып.
Еркелігін баласының көтерген
Төзімділік Анажанға тән қылық.
Жамандықтан жиіркене қаштың да
Адалдыққа ашық қадам бастың да.
Балапаным, аман бол деп қорғайсың
Жұмақ кілті табаныңның астында.
Қарызымды қалай ғана өтермін
Ақымақтау мінезімді көтердің.
Қуанасың сәл биіктен көрінсем
Ана сенің тырнағыңа жетер кім.
Ана дейді жүрегім жарылардай
Еркелетсең мұңымнан арылардай.
Мейрамың құтты болсын мерейлеткен
Алыстан сәлем саған сағынардай.
Сізге деген тілегім таусылар ма
Әр тілек бар жаңбырлы тамшыларда.
Сансыз тілек тілеймін жақсылықтың
Әумин десін періште таң шығарда.
Әкеммен не көрсе де бірге көрген
Қиындықты жеңісіп бірге көмген.
Қуаныштың терегін бір көркейтіп
Шаңырақтың шыбығын бірге өрген.
Ана сізбен әдемі біздің үйде
Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де.
Отасының ұйытқысы берекесі
100 жасаңыз әкемізбен мәңгі бірге!
Амандарым атойлаған тілегіңнен нәр алып
Сезімдерім серпіледі жүрегіңнен нәр алып.
Ана саған бар бақытты,бар бақытты тілеймін
Сенің арқаң жүргенім де адам болып саналып.
Мені әрқашан қолдаған бар ниетпен
Қос ішекті қосып тұрған тиекпен.
Бір сипасаң болғаны маңдайымнан
Жеңістердің таңы атады көк жиектен