Күлімдеген көздеріңе сүйсінем
Құшағыңда еркелеймін күн сіңген.
Жастан жасқа аса бергін, Анашым,
Баласының бар қылығыны түсінген.
Заметки
Бастау болар бұлақтың көзі,
Мен үшін заңды Анамның сөзі.
Қолыңда сенің жібекке айналар
Қораштау көрінген матаның өзі.
Алақаның сенің бейне бір ғажап
Тұрса да оны қиындық қажап.
Осынау жеткен белесіңде енді
Көрмеші,Анам, ешқашан азап!
Мақтан етем жеткен биік-белесіңді
Еңсең неткен жоғары еді кеме сынды.
Айтқан сөзің ақылдың бұлағындай
Толтырып алсам деймін тегешімді.
Мен, сірә, бола алам ба дәл өзіңдей
Арман қуам түн баласы бір көз ілмей.
Саулығыңды тілеймін әр таңдарда
Мұң атаулы көшіп кетсін бір сезілмей.
Таттың өмір тәтті,ащы,кермегін,
Сонда да алға құлаш ұра сермедің.
Балаларың үшін желге тік қарап
Өмір-дауыл құрсауына бермедің.
Қарыздармын,сансыз сенің еңбегің,
Қайғырмасын балам деумен терледің.
Мың алғыс та айтсам саған аз болар
Ауырғанда көз ілместен емдедің.
Жүрегіңде жамандыққа орын жоқ,
Анашыма айтар алғыс,тоным көп.
Бақытты боп күліп ойнап шаттаншы
Жүрген жерің сый-құрметті төрің боп.
Анама айтар тілегім таусылмайды
Ән салайын қолыма алып саз сырнайды.
Барлық асқақ арманың орындалсын
Тілекшімін, тілегім еш сарқылмайды.
Ақ батаңмен жолыма аттанғанмын,
Сөздеріңнен нәр алып шаттанғанмын.
60 жасың мерейлі құтты болсын,
Еңбегіңнің еленіп ақталған күн.
Мәртебеңнің мерейі сақталған күн,
Адалдықтың ары тағы жақталған күн.
Тағы бір 60 жасты жасап таста
Бақыт жеңіп қиындықтан тақты алған күн!
70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.
Орман болсақ мәпелейтін сен бағбан,
Бағдар берген жұмақ кілті сен қағбам.
Тілек тілеп жақсы ниет әрқашан
Ең жақсы ән өлеңімді мен жазғам.
Құттықтаймын, Анашым,мейрамыңмен
Бақыттысың өмірден жиғаныңмен.
Бала-шаға қызығын бірге көріп
Әкеммен бақытты бол сыйладым мен.
Әлдилеп тербеп өсірдің
Қатемді әркез кешірдің.
Еркелеп саған жаныңда
Болғаныңда есірдім.
Көтердің бәрін төзіммен,
Аналық мейір сезіммен.
Өшпестей жақсы із қалды
Балалық балдай кезімнен.