Аққуым ұшып барады, Қимастан өскен жағаны. Өмірдің заңы, құлыным, Тағдырдың қойған талабы. Барған жерге бақ боп бар, Сойылсын күнде ақ қошқар. Тастай батып, судай сің, Жақының болсын жақ достар.
Арманнан тіккен желегің, Орамалға айналды. Тал шынар болсын терегің Отбасың бейне орманды. Ата-енеңді қадірле, Алдыңнан ақ күн ашылсын. Жолдасың, ерке ұл-қызың Мойынға келіп асылсын.
Қанатың ұшқан талмасын, Күндер де қайғы салмасын. Ақ бұлттай аппақ көңілің, Адалдық әннен танбасын. Шаңырағың биік боп, Керегелер жалғасын. Несібелер үйіп көп, Абыройың самғасын.
Жүремнің жұлып бөліп парасын, Қызым, гүлім, қанат қағып барасың. Барған бағың мәңгілік көркем болсын, Жолдасыңмен таба білгін жарасым. Қолқанат ең әкеңе де, анаңа, Сіңіліңе, ініңе де, ағаңа. Баянды бол барған жерге бақ тал ек, Ағайынды, барған жерді бағала.
Жартыңды таптың, алтыным, Ақ аспан болсын әр күнің. Сыпайы келін, сұлу жар Сыйлата білгін барлығын.
Ойларыңды құптадым, Мәртебе болсын ұтқаның. Құтты болсын тойларың, Жазылмасын жұптарың.
Ата—Ананың қуанышы, шаттығы, Жастық шақтың куәсі дәл, пәктігі. Екі жасқа бақытты өмір тілейік, Аяласын мәңгі өмір ақ гүлі.
Ағайын тойға келіңдер, Баталы тілек беріңдер. Тойдың басы екі жас 100 жасты жасап көріңдер.
Қыстай қатты мықты болсын денсаулық, Көктемдей боп көңіл тұрсын гүл жауып. Жаздай ыстық сезімдерің өшпесін. Күздей жомарт несібеңе 1000 саулық. Секундтарың сыйласын тек бақыт-нұр, Сағат сырғыр сезім сырдан татып сыр. Апталарың ала келсін ақ арман, Жылдарыңда жасырынып ақық тұр.
Шыршадай сарғаймаңдар жасыл жанып, Бұлбұлдай махаббаттың әнін салып. АЛЛАНЫҢ нұры түскен жан болыңдар, Өмірдің бақытының бәрін алып. Лайланбасын өмірлерің тұнық көлдей, Жұлдыздарың жарқырасын күйіп сөнбей. Тіккен отау болашақ Орда болсын, Мәртебе көтерілсін биікке өрлей.