Ал, бастадым, ақ қайны, өзiңе аппақ тiлектi, Мiне, нағыз ер дердей бiлiмдi, әрi бiлектi. Орнында бар оңалар,әке жолын жалғадың, Аққудай боп иiлген жартысын тауып жүректiң. әкемiз көрмес қызықты көрсеткiн ендi Анаға, Анадан артық жұмақты таба алмассың балаға. әкеден алған тағылым, анадан алған тәлiммен, Жарыңа адал, сыйлы бол, ағайынға пана да. Сыйлы келiн-күйеу боп бақытың алдан … Read more
«Адам болар жiгiттiң, Жары өзiне лайық, Керуен бастар жiгiттiң, Нары өзiне лайық.» Осы отырған, Оралым, Шапалақты ұрайық. Аймекен мен Ардаққа, құрметпенен тұрайық. Есте қалсын мәңгiлiк, Ақ тiлектер құрайық. Бал-бұл жанған жүздерге, Тамсана көңiл бұрайық. Мәңгiлiк болсын шаттығы Бiр АЛЛАДАН сұрайық. Еш сүрiнбей өмiрде Тойларда ғана құлайық!
Дос-жараңдар келіңіздер сүндет той, Болмайды той күнде мұндай думан той. Ер жігіт боп аттың жалын тартпақшы Болсын тойым бар жиғанды жуған той. Болып жатыр біздің үйде сүндет той, Ер балаға азаматтық міндет қой. Ел ісіне араласар ертеңгі ер, Жауқазындай өрлей өсші гүлдеп бой.
Сүндет тойды салыпсың, Ер жігіт боп қалыпсың. Әкесіне мақтаулы, Азамтсың, алыпсың.
Құрал-сайман сайлаймыз, Шөтектің басын майлаймыз. Мұсылман қып ұлымды, Сүндет тойын тойлаймыз.
Ер жігіт бол ел сыйлар, Еліңе керек жер жинар. Адалдықты ту еткен, Арамдыққа жан қинар.
Біссіміллә, деп кестім, Ер жігіт болып өстің. Азамат боп арқалы, Басын баста көштің
Өтедің парызыңды мұсылмандық, Емес бұл ұялғандық, қысылғандық. О, Алла рахымыңа мың бір алғыс, Жаратқан, бізді жерде мұсылманғып.
Енді, ұлым, аттың жалын тартып мінсін, Арқалап елдің жүгін артып жүрсін. Ерке ұл болмай елдің үлкен ұлы болсын, Жақсы іске бастау болып шалқып күлсін.
Жаратқан, ұлды бердің, дара бердің, Ендігі есі түзу сана бергің. Сүндетке отырғыздық, тойлаудамыз, Есті ұл, ер-азамат дана бергін.