Сүндеттелдің, мұсылмандық міндетіңмен, Жүрші,ұлым, пайғамбар сүннетімен. Ерлерге лайық жақсы істер жасап жүрші, Пайғамбарым мақтанар үмметімен.
Сүндеттелдің 5-жаста, Ендігі ойға ес таста. Азамат бол арқалы, Көсем болып, көш баста
Сүндеттеліп, балақаным жатырсың, Қорықпайтын ештеңеден батырсың. Ер жігітке лайық ісің көбейсін, Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.
Болған шығар Хан сарайы осындай, Әсем екен сырбаз қонар қосындай. Шаңырағың биік болсын шаттықты Бақыт кірсін табылдырық тосылмай.
Баланың бақытты күлкісі толсын, Бақытың Отаудың ұйытқысы болсын! Бар сәтің осы үйде шаттықты болып, Әр күнің қуаныш үй кісі толсын!
Жаңа үйден жаңа бақыт өрілсін, Терезеден байлық нұры төгілсін. Сәттіліктің әсем құсы ұя сап, Бірлік толы тірлік қабы сөгілсін. Отауыңа несібелер ағылсын, Бақыт шамы сөнбестей боп жағылсын. Мамыражай өмір өтсін жаңа үйде Әр күніңе шаттық гүлі тағылсын.
Армандар орындалған үй болсын, Қуаныштан күмбірлеген күй толсын. Қара қазан қайнаған әр күндерде Дос-жарандар қаумалаған сый толсын. Үбірлі бол, шүбірлі бол қанат жай, Шөбереңе жымиып тұр қарап жай. АЛЛА сені осы өмірге жеткізсін, Жаңа үйің болсын бақыт бұлақтай.
Жаңа үйдің шаңырағы биік болсын, Іші толған бала деген уық болсын! Бақыттан бастау алып әрбір таңдар, Байлығың бар несібе жиып қонсын!
Жаңа үй құтты болсын, шашсын шуақ, Жас балалар жайқалсын бейне құрақ. Арманың орындалсын Отауыңда Денсаулық, бақыт, байлық бұрыш құрап.
Қоныс тойы құтты болсын! Іші тек құтқа толсын! Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!