Жан әкешім аман болшы әрдайым,
Арамызда жүре берші, жоқ уайым…
Әрбір жасты тойлайық біз шаттана,
Жүз жасаңыз, ғасыр тойлап балдайын…
Tilek.kz
Туған күнің құтты болсын сіңілім,
Ұзақ болсын өмір жасың, ғұмырың.
Бақ тілеймін, гүлді бағың жайнасын,
Түспесін еңсең, биік болып тұғырың…
Туған күнің құтты болсын бауырым,
Тілеймін мен сәтті күннің жарығын.
Бақытты бол, қуанышың көп болып,
Амандықта жүре бергін жан інім…
Туылған күнің құтты болсын жан аға,
Көңіліңізде мұң болмасын, жоқ аға.
Деніңіз сау амандықта болып сіз,
Күлімдеңіз, шаттаныңыз тек қана…
дос қызға тілек
Туылған күнің құтты болсын жан құрбым,
Сәтті болсын, тәтті болсын әр күнің.
Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Көре бергін өмірдің бар шаттығын…
Досыма ұлға тілек
Туған күнің құтты болсын жан досым,
Басар әрбір қадамдарың оң болсын.
Бақытты бол, орындалып арманың,
Әрбір күні сәттілік боп, жол болсын.
анама туған күнге тілек
Туған күніңіз құтты болсын Анашым,
Біздер үшін ерекшесің, дарасың.
Деніңіз сау, қуанышта әрқашан,
Алла қолдап аман болшы Анашым
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.