Інім барда тыныс алам жүрекпен
Жүрегімнің бақшасына гүл еккен
Туған күнін құт әкелсін басыңа
Тату тәтті айтылған мына тілекпен
Ініме туған күнге тілек. Бауырымды туған күнімен құттықтау
Бауырымсың Жаратқан берген маған,
Өмірде жалғыз сенем, інім, саған.
Денсаулығың зор болып, ауырмағын,
Анашым біздер үшін шырылдаған.
Інімнің болып жатыр бүгін тойы,
Бір болған бауырымен арман-ойы.
Қанатың қатайыпты қанат қақтың
Қуаныштың ортаймай шатты тойы.
Бауырым, тірегімсің дара туған,
Ұл балаң құтты болсын жаңа туған.
Бақытты бол отбасыңмен отағасы,
10 балаң болсын соңын ала туған.
Туған күнің құтты болсын, бауырым,
Аңсағанда іздеп келер ауылым.
Шаңырақтың шайқалтпайтын иесі
Тағдыр саған төксін бақыт жауынын.
Туған күнің құтты болсын, бауырым,
Ағайын-дос тілек тілер қауымың.
100-ге жетіп қария бол ел сыйлар,
Болсын аман бала-шағаң, ауылың.
Інішегім, тұяғысың әкемнің,
Біздің үйге бақыт нұрын әкелдің.
Жалғастырып ел есімін ертеңге,
Ақта үмітін анаң менен әкеңнің.
Бауырым, құтты болсын қонған құсың,
Ендігі отбасыңа шаттық ұсын.
Шаңырақ пен керегені кеңге жайып,
Көп болсын тағдырыңда бақыт тұсың.
25-те адамға ақыл қонған,
Біреудің несібесі артып толған.
Денсаулық, достық, бақыт саған тілеп,
Қонсын деймін сені таңдап бақыт жолдан.
30 жас орда бұзар жасқа жеттің,
Ашуды ақыл жеңер жасқа өттің.
Отағасы, азамат, басшы болып,
Оттай болып жанатын жасқа кеттің.