Жадыраңыз, жайнаңыз, күлімдеңіз,
Бұл өмірдің сынынан түңілмеңіз.
Әр күніңіз шуақты, нұрлы болып,
Айдынында жүзіңіз, өмір теңіз…
Заметки
Туған күніңізбен, болыңыз әркез аман,
Күн тілеймін жайнаған, жадыраған.
Жастан жасқа жетіңіз амандықта,
Оңды болып әрқашан әрбір қадам…
Тамыр жайып өсе берші сен гүлім,
Болмасыншы көңіліңде еш мұңың…
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Қуанышқа толы болып әр күнің…
Туған күнің құтты болсын жарығым,
Сәтті болсын, табысты боп бар күнің.
Үстем болып мерейің ұлым әрқашан,
Биік болсын өмірлік таңдау, талғамың…
Құтты болсын туған күнің жан-жарым,
Орындалсын аңсаған бар арманың.
Бар жақсыны тілеймін саған әрқашан,
Табысты бол, балық қармап қармағың…
Жан әкешім аман болшы әрдайым,
Арамызда жүре берші, жоқ уайым…
Әрбір жасты тойлайық біз шаттана,
Жүз жасаңыз, ғасыр тойлап балдайын…
Туған күнің құтты болсын сіңілім,
Ұзақ болсын өмір жасың, ғұмырың.
Бақ тілеймін, гүлді бағың жайнасын,
Түспесін еңсең, биік болып тұғырың…
Туған күнің құтты болсын бауырым,
Тілеймін мен сәтті күннің жарығын.
Бақытты бол, қуанышың көп болып,
Амандықта жүре бергін жан інім…
Туылған күнің құтты болсын жан аға,
Көңіліңізде мұң болмасын, жоқ аға.
Деніңіз сау амандықта болып сіз,
Күлімдеңіз, шаттаныңыз тек қана…
дос қызға тілек
Туылған күнің құтты болсын жан құрбым,
Сәтті болсын, тәтті болсын әр күнің.
Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Көре бергін өмірдің бар шаттығын…